Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясы ғалымдарының атынан, Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми - зерттеу институты ұжымын үлкен мереке, Институттың құрылғанына 65 жылдық Мерейлі датасымен құттықтаймыз!
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында – кәзіргі кезде агросубъектілерінің табысын айқындаушы факторы болып табылатын жер мен ауа райы ғана емес, бірінші орынға инновациялық жетістіктерді қолдану шығатынын атап өтті. Аграрлық ғылымға басты назар аударып, оның нәтижелерін ауыл шаруашылығы практикасында қолдануға бағыттау қажет екенін айтты.
ФАО сарапшыларының пікірінше, Қазақстан үлкен ауыл шаруашылық алқаптарына ие бола отырып, өзін-өзі қамтамасыз ететін ел ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде әлемдік экспорттаушы бола алады.
Сондықтан, өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау мәселелері республика үшін үлкен маңызға ие.
Бұл, ең алдымен, республиканың ерекше үлкен аумағына, табиғи-климаттық аймақтары мен өсірілетін дақылдардың алуан түрлілігіне байланысты.
Октябрь Революциясына дейінгі Қазақстанда зиянкестер мен өсімдік ауруларының егінге келтіретін зияны ерекше мол болды. Мысалы, шегірткелер мен кеміргіштерден бидәй дақылдары мен әсіресе жайылымдар көп зардап шекті. Дәнді дақылдардың аурулары ауыл шаруашылығын үлкен шығындарға дүшар етті.
Революцияға дейінгі Қазақстанда зиянкестерге қарсы күресумен айналысатын тұрақты арнайы ұйымдар да, ғылыми мекемелер де болған жоқ.
Өндірістік және ғылыми-зерттеу аспектісінде, өсімдіктерді қорғау ісін жүргізудегі түбегейлі өзгеріс 1917 жылдан кейін басталды.
1919 жылы Алматыда облыстық жер бөлімі жанынан энтомологиялық кабинет ашылып, «Сырдария» зиянкестермен күрес Бюросын құру туралы жарлық қабылданды. 1924 жылы Орынбордағы ҚазКСР Халық Комиссариаты 1925 жылы Қызылорда қаласына ауыстырылған өлкелік Өсімдіктерді қорғау станциясын ұйымдастырады.
Ең маңызды дақылдардағы зиянкестер мен аурулар кешенді терең зерттеліп, сонымен бірге кейбір қауіпті зиянкестердің биологиясы бойынша зерттеулерде жүргізіле бастады. Фитопатология бойынша зерттеулер кеңейді. Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы әртүрлі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянды микофлорасы бойынша мәліметтер толықтырылды (К.Яцынина, С. Буров, Н. Запрометов, Г.Неводовский ғалымдарының еңбектерін атаса болады).
1957 жылы, ВАСХНИЛдың Қазақстандағы филиалының базасында Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясы ұйымдастырылды, ал 1958 жылғы 1 наурызда ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 21 ақпандағы №155 Қаулысымен осы академияның құрамында, ВАСХНИЛ Қазақ филиалының Өсімдіктерді қорғау жөніндегі республикалық Станциясы негізінде – Қазақ өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институты құрылады.
Институттың құрылуы, республикада өсімдіктерді қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқаратын және үйлестіретін ірі ғылыми-зерттеу орталығы болуы қажеттілігінен туындады.
1960-жылдары ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестерімен және ауруларымен күресетін жедел мекемелері ұйымдастырыла бастады. Бірқатар ірі ғылыми эксперименттер жүргізіліп, зиянкестермен күресудің Авиациялық әдісін жетілдіру бойынша да зерттеулер жүргізілді.
Еліміздегі Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты - өсімдіктерді қорғау саласындағы стратегиялық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік аспектісі бойынша ерекше маңызды ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын жалғыз мамандандырылған институт болып табылады.
Бүгінде, Институтта, шет елдерде тағылымдамадан өтіп, Еліміздің фитосанитариялық саласы үшін жаңа технологияларды меңгерген, жас ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.
Соңғы жылдары, Өсімдік қорғау Институты ғалымдары өсімдік ауруларын қорғау және алдын алу әдістерінің биотехнологиялық және биологизацияланған жаңа әдістерін енгізуде.
Ұжым өзінің ғылыми қызметін аға буын ғалымдарының, оның ішінде көрнекті ұйымдастырушы және белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, фитопатолог Жазкен Жиембаевтың даңқты дәстүрлерін нәтижелі жалғастырып келеді. Институт мамандары фитосанитарияны дамытуда, Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдерінің аграрлық саласын ғылыми қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келеді.
Бүгінгі таңда, академик Дүйсембеков Бақытжан Алишерұлы басқарып отырған институт ғалымдары шет елдерінің: ҚХР, Израиль, АҚШ, Еуропалық Одақ және ТМД елдері ғалымдарымен көптеген халықаралық жобалардың бастамашылары болып табылады.
Өсімдіктерді қорғау, бақылау құралдарын биологияландыру, егіншілік пен өсімдік шаруашылығында, экология және өңірлердің биоалуантүрлілігін сақтауда ГИС және БПЛА технологиялары салаларында цифрлық жетістіктерді қолданудың ғылыми негіздерін қалады.
Институт ғалымдарының қосқан ерекше үлесі үшін, ҚР Үкіметі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі, НАНОЦ және көптеген облыс басшыларының көптеген марапаттары мен алғыстарымен марапатталды.
Бүгінде институт ҚР АШМ жүйесінің ғылыми ұйымдары мен бөлімшелері арасында көшбасшы болып табылады.
Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау ғылыми зерттеу институтының ұжымына мол табыстар тілейміз, зор денсаулық, мол табыс, өркендеу мен өрлеу, үлкен шығармашылық табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!