Бүгін, Шәкәрім университетінде, професор Дуйсембеков Серғазы Тұрлыбекұлының мерейлі 70 жасқа толуына байланысты халықаралық ғылыми-практмкалық конференция нәтижелі өтті. Япония, Ресей, Қытай, Орталық Азия елдерінің ғалымдарының қатысуымен баяндамалар жасалды. Академия Президиумы мен Жалпы жиналысының қолдаумен, Абай облысының әкімі мен Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасымен келісімі бойынша- Абай облысда Академияның аймақтық орталығы Шәкәрім университетінің Агротехнопарк ғимаратында ашылды. Жетекшісі болып профессор Дүйсембаев С.Т. сайланған болатын. Университет ұжымы мен ғалымдары Академияның бағыттары мен бастамаларына толық қолдау көрсетіп, белсенді қатысатына сенім білдірді. Семей өңіріндегі орталыққа мол табыстар мен сәттіліктер тілейміз!