ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының делегациясы Қытай Халық Республикасының

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Үрімші қаласында - 

Ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамыту бойынша:

«ҚХР (Шыңжаң) -  Орталық Азия» тақырыбында алтыншы Форумына қатысты

 

 

Ағымдағы жылдың 27-29 маусым күндері аралығында, ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының делегациясы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Үрімші қаласында-  Ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамыту бойынша: «ҚХР (Шыңжаң) -  Орталық Азия» тақырыбында алтыншы Форумы өтті.  Халықаралық іс-шараның негізгі тақырыбы: «Бірыңғай шығармашылық, бірлесіп пайдалану және өзара ұтыс үшін тиімді ғылыми-техникалық ынтымақтастықты тереңдету» тақырыбы аясында өтті.

Форумның ашылуында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданыны және Орталық Азия мемлекеттерінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, шекаралас Ресей елінің аймақтарынан ғылыми- техникалық бағыты мен ғылыми-білім беру салаларының жетекшілері, ғылыми академиялары мен жас ғалымдары қатысып, баламалы энергияны дамыту, ауыл шаруашылығы, тұрақты жасыл даму, медицина және денсаулықты сақтау бағыттары бойынша форумның отырыстары өткізілді.

Форум бағдарламасына сәйкес Қытай және Орталық Азия мемлекеттерінің Ұлттық Академиялары мен ЖОО орындарының  ынтымақтастығын дамыту және нығайту мақсатында үлкен Консорциумдық Меморандум және Біргелескен  бастамалары келісімдеріне қол қойылды.

Осы тұрғыда, Қытай ғылым Академиясы мен Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы ғылым академиясы арасында  көп жылдан бері тығыз ғылыми әріптестік орнатылған. Бүгінде екі елдің Академиялары арасындағы ғылыми әріптестік нығайып агроөнеркәсіп саласы бойынша нәтижелі жобалар іске асырылуда. Үрімші қаласындағы Шыңжаң Экология және география   ғылыми зерттеу институтымен 2011 жылдан бері Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми  зерттеу институтымен әріптестік орнатылып, экология және топырақтану саласында халықаралық жобалар атқарылып келеді.

2015 жылы Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты арасындағы халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде ҚХР Ғылым Академиясының Шыңжаң экология және география институты Алматы қаласында «Орталық Азия экологиясы мен қоршаған ортасының Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығын» құрды. Орталықты құру мен оның қызметінің мақсаты жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында екі елдің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ғылыми негіздерін әзірлеу, ғылым саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау және Орталық Азияның экологиясы мен қоршаған ортасының проблемаларын, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) мүшелерінің өңірлерінде - Қазақстан мен Қытай халықының экономикалық және әлеуметтік дамуын зерттеу болып табылады. Бүгінде, аталған Орталықтың көмегімен экология мен топырақтану бағытында көптеген нәтижелерге қол жеткізілді.

Форум аясында ҚР ҰАҒА делегациясы Экология және география   ғылыми зерттеу институтында ҚХР Ғылым академиясының жетекшілері және ғалымдарымен арнайы кездесіп, келіссөздер нәтижесінде жердің түздануы мен тозуы, шөлді және құмды аймақтарды игеру, су тапшылығы, Арал аймағын дамыту, жайылымдарды суландыру мен жақсарту т.б. өзекті сұрақтар бойынша ғылыми жобаларды біргелесіп іске асыруға келісімге келді.

Қытай елінің ШЫҰ-ға қатысушы елдер арасындағы ең ірі экономика болып табылады. Оның жалпы ішкі өнімі 2023 жылы шамамен 17,6 триллион долларды құрады, бұл оны АҚШ-тан кейінгі әлемдегі екінші ірі экономикаға айналдырды. Қытай өнеркәсіптік, технологиялық және АӨК әлеуетінің арқасында әлемдік экономикада шешуші рөл атқарады.

Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болды - өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы 41,0 млрд АҚШ долларына жетті.  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Астанада ШЫҰ Саммиті өтуіне байланысты брифингінде: "Біздің Қытаймен қарым-қатынасымыз тату көршілік, достық және мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік қағидаттарына негізделген. Біз оларды екі елдің ортақ құндылықтары мен Біртұтас ұстанымы ретінде қарастыратынымызды атап өткім келеді", - деп нақты пікірін білдірді.

Біздің бұрыннан келе жатқан ғылыми байланыстарымыз ҚХР Ғылым академиясымен, Қытай Ауылшаруашылық академиясымен, Сычуань Ауылшаруашылық академиясымен, Пекиндегі Қытай аграрлық университетімен, Шыхызы, Ланьжоу университеттерімен, Тарым, Харбин, Солтүстік-Батыс университетімен, ҚХР Ғылым Академиясының Шыңжаң Экология және география ғылыми-зерттеу институтымен және т.б. аграрлық бейіндегі басқа ғылыми-білім беру ұйымдарымен дами түсетін болады.

ҚХР ғалымдарымен АӨК және аграрлық ғылымды Жасыл тұрақты дамыту саласындағы ынтымақтастықтың болжамды бағыттары: 1. Климаттың өзгеруін болжау және оның ауыл шаруашылығына әсері; 2. Климаттың өзгеруін мониторингілеу, АӨК цифрландыру және фитосанитариялық тәуекелдердің алдын алу бойынша ахуалдық орталықтар құру; 3. Құрғақшылыққа төзімді  дақылдарының сорттарын шығару; 4. Егіншілік және мал шаруашылығы жүйелерін биологияландыру; 5. Топырақтың және жайылымдық ресурстардың тұздануына, деградациясына қарсы күрес; 6. Суды үнемдеу технологияларын әзірлеу және судың сапасын жақсарту; 7. Органикалық тыңайтқыштар мен препараттарды өңдеу және өндіру; 8. Ауыл шаруашылық дақылдары мен жануарларының генофондын сақтау; 9. Азық-түлік және ветеринарлық қауіпсіздік; 10. Жаңа буын кадрларын даярлау.

Бұл үшін мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы тиімді байланысты мүмкіндігінше тезірек құрып, аграрлық ғылым саласындағы ынтымақтастықты, халықаралық тәжірибені және мемлекетаралық өзара іс-қимыл тетіктерін арттыру үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылатын болады. Тығыз және үйлесімді жұмыс барысында Форумда тиімді құралдар мен ғылыми тәсілдер бойынша тұжырымдамалық бірлескен ұсыныстар әзірленді, бұл ауыл шаруашылығында бірыңғай шығармашылық пен ғылыми-технологиялық серпілістер жасауға мүмкіндік береді.