Өсімдік қорғау және карантин бойынша Республикалық дөңгелек үстел сәтті өтті!

 

2025 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылым академиясы "Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ" ЖШС-де Парламентаризм Институтының қолдауымен өсімдік қорғау және карантин мәселелеріне арналған «Фитосанитарлық қауіпсіздік пен фитосанитария саласындағы ғылымды дамыту үшін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру» тақырыбындағы республикалық Дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шара барысында өсімдік қорғау мен карантинге байланысты Қазақстан Республикасының заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі талқыланды:

  • "Өсімдіктер карантині туралы заң"
  • "Өсімдіктерді қорғау туралы заң"
  • "Тұқым шаруашылығы туралы заң"

Ұсынылған түзетулердің негізгі мақсаты – фитосанитариялық бақылауды күшейту, карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің таралуын болдырмау, сондай-ақ Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін және ауыл шаруашылығының орнықты дамуын қамтамасыз ету.

Өсімдік қорғау және карантин жүйесін ғылыми қамтамасыз етуді күшейтуге, сондай-ақ ұлттық заңнаманы өсімдік карантин және қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның (ХҚҚДБ) халықаралық стандарттары мен талаптарына сәйкес келтіруге ерекше назар аударылды.

Талқылауға қатысты:

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті;

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті;

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының «Парламентаризм институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мамандары;

 

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ және оның еншілес ұйымдары (ЕҰ);

ҚР АШМ АӨК МИК "Өсімдіктер карантинінің республикалық орталығы" ММ өкілдері;

ҚР АШМ АӨК МКК қалалық және облыстық аумақтық инспекция басшылары;

ҚР АШМ АӨК КММ "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" РММ;

Қазақстан Фермерлер одағының өкілдері;

ҚР АШМ "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" РММ;

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары;

"Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы;

ҚР ҰҒА Президиумының мүшелері;

ҚР ҰҒА бөлімшелерінің басшылары мен мүшелері;

ҚР Ауыл шаруашылығы қауымдастықтары мен бірлестіктерінің басшылары;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының мамандары;

Өсімдік қорғау және карантин саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылар.

 

Дөңгелек үстел қорытындысы:

Дөңгелек үстелге қатысушылар өсімдік қорғау, карантин және тұқым шаруашылығы туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін бірауыздан қолдап, олардың Қазақстан ауыл шаруашылығы үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Климаттың өзгеруіне, халықаралық сауданың дамуына және карантиндік зиянкестердің таралуына байланысты заманауи сын-қатерлер жағдайында фитосанитарлық қауіпсіздік шараларын күшейтуге ерекше назар аударылды. Фитосанитарлық бақылаудың тиімділігін арттыру ауылшаруашылық дақылдарын қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның экспорттық әлеуетін айтарлықтай нығайтады, отандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Фитосанитариялық жағдайды бақылау шараларына, профилактикалық және қорғау шараларының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ фитосанитариялық шаралар жүйесін сенімді құруға және ден қоюға бағытталған нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша нақты қадамдар белгіленді.

Зертханалық және далалық зерттеулерді, зиянкестерге мониторинг жүргізудің тиімді әдістерін енгізе отырып, фитосанитариялық шараларды ғылыми қамтамасыз етудің маңыздылығы, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді халықаралық стандарттар мен ХҚҚДБ талаптарына бейімдеу қажеттілігі атап өтілді, бұл Қазақстанға әлемдік ауыл шаруашылығы қауымдастығында нығайтылған позицияны қамтамасыз етеді.

Барлық қатысушыларға жемісті, белсенді жұмысы және сындарлы диалогы үшін алғыс айтамыз!