Бүгін, 23 ақпан 2025 жылы, «Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ғимаратында, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, ҚР Парламенті, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қолдауымен, ғылыми Академиялар мен ғылыми қоғамның көптеген ұсыныстары бойынша көрнекті саяси және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық ғылым Академиясының негізін қалаушы, «АУЫЛ» Партиясының ұйымдастырушысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты ҚАЛИЕВ ҒАНИ ӘЛІМҰЛЫНЫҢ БЮСТ-ін ашылуы шарасы өтті.
ҒАНИ ӘЛІМҰЛЫ өмірден озған күні, 2024 жылы 13 науырызда, Қазақстан Республикасының Президенті Касым Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ғ.Ә.Калиевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып жедел хатын жолдаған болатын.
«Белгілі саяси және қоғам қайраткері Ғани Әлімұлы Калиевтің дұниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, ол ауыл шаруашылығы саласы алға басуына бар күш жігерін жұмсады, ҚР Парламент депутаты, Ауыл Партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси демократиялық дамуына ат салысып, Отандық заңнамаларды жетілдіруге зор үлес қосты.»-деп, Еліміздің Президенті ерекше көңілін білдірген болатын.
Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінен - Олжас Бектеновтен, ҚР Сенат Парламентінің төрағасынан- Мәулен Сағатханұлы Ашимбаевтан, ҚР Мажіліс Парламентінің төрағасынан- Ерлан Жақанұлы Қошановтан, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті- Ақылбек Курішбаевтан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі- Айдарбек Сапаровтан, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі - Саясат Нұрбектен, Ресей, Белорусия, Украина Ұлттық аграрлық ғылым академиялары Президенттерінен, Облыс және қала Әкімдерінен т.б. көптеген мекемелер мен жоғарғы оқу орындары және ғылыми ордаларынан хаттар келіп түсіп, Академик Ғани Әлімұлының мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жаңадан аяққа тұру қиын кезеңдеріндегі ерен, жанкешті еңбегі мен әлеуметтік, экономикамыздың дамуына өлшеусіз еңбегі туралы алғыстар мен жоғары бағасы беріліп, академик Калиев Ғани Әлімұлының атын сақтау, тарихта қалдыру, болашақ ұрпақтарға насихаттау мақсатында, үлкен шаралар ұсынып жоспарланған болатын.
Міне бүгін, «Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» РҚБ мен Экономика институты ұжымы, сол кешенді игі істердің бастамасы десе болады, академик Қалиев Ғани Әлімұлының ескерткіш БЮСТ-ы, оның Жылдық Асына орай орнатылып, ашылу іс-шарасы өтті.
Академик Ғани Әлімұлы Калиевтің БЮСТ- ескерткішін ашылу шарасына ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің орынбасары - Ербол Қуанышұлы Тасжұреков; Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты - Нұрлан Оразалин; Мемлекет, қоғам және саяси қайраткер, ҚР Ғалымдар Одағының Президенті, Ұлттық Құрылтай Кеңесінің мүшесі, академик - Оразалы Сабден; Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі - Сатыбалдин Әзімхан Әбілхайырұлы; «АУЫЛ» Партиясының Алматы қаласы бойынша Филиалының Төрағасы - Ахметбек Байрозұлы Қоңырбаев; ҚР ҰҒА академигі Мутанов Ғалымқайыр Мұтанұлы; академик Григорук Владимир Васильевич; ҚР ҰҒА академигі Мейрман Ғалиолла Төлендіұлы; ҚР ҰҒА академигі Саданов Амангельды Құрбанұлы және көптеген саяси, аграрлық, экономика, облыстар мен аудан өкілдері, мемлекеттік басқару, мемлекеттік емес ұйымдар, білім беру саласының ғалымдары, мамандары мен ұжымдары қатысты.
Шараға қатысқан тұлғалы азаматтар тілектерін айты. Барлық айтылған тілектер мен ниеттер бір ойға келіп түйіскендей - Қалиев Ғани Әлімұлының есімі елмен бірге жасай беретіні, оның аса ірі тұлға екендігі!
Қажырлы еңбегінің арқасында, Ғани Әлімұлы ұлкен құрметке ие болды, себебі ол Қазақ елінің экономикасы, ауыл шаруашылығы саласы мен ғылымның алға басуына бар күш жігерін жұмсады!
ҚР Парламент Депутаты, АУЫЛ Партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси демократиялық дамуына ерен еңбектенді, отандық заңнамаларды жетілдіруге сіңірген зор үлесін айту керекпіз.
Ғани Әлімұлы өмірінің соңғы күндеріне дейін, өзінің өнегелі істерін атқарып келді. Іске асыратын көптеген ірі жоспарлары, ауыл мен агроғылымдағы проблемалар оны қатты толғандырды. Олар туралы соңғы демі қалғанға дейін ойланып, айтып, жазып, өз пікірлерімен бөлісіп, бағыт-бағдар ретінде айтып отырды.
Академик Ғани Әлімұлы Қалиевтің ескеркіш-БЮСТын жасап шығарған, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік «Парасат» Орденінің иегері, атақты мүсінші Болат Құсайынов қатысып сөз сөйледі.
Екі дәуірді көрген қалың қауым, Ғани Әлімұлы Қалиевтің есімін жақсы біледі. Өткенін құрметтеген, келешегін ойлаған халықтың жалғасымыз ғой, бүгінгі жас толқын, келешек ұрпақ осындай заңғар тұлғаларды біліп өссе, өнеге тұтса, сол игі. Әстеде, олардың есімін есте қалдыру бағытындағы шаралар осы мақсатқа қызмет етсе керек!
ҚР ҰАҒА баспа сөз қызметі