2024 жылғы 1 наурызда Академия президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.И.Есполовтың төрағалығымен Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы (ары қарай - ҰАҒА)Президиумының кеңейтілген отырысы өтті.
Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы президиумының отырысына ҰАҒА-ның құрметті президенті, ҚР ҰҒА академигі Қалиев Ғ.А., Президиум мүшелері (10-нан 8 мүше), академияның толық мүшелері және шақырылғандар қатысты ( ҰАҒА -ның 10 мүшесі).
Академияның төралқасы бүгінгі жалпы жиналысқа келесі күн тәртібін қойды:
1.«Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы» РҚБ-нің негізгі міндеттері туралы (баяндамашы Е.И. Исламов – ҰАҒА-ның бірінші вице-президентінің м.а.);
2. Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының (ҰАҒА) толық мүшелерінің (академиктерінің), корреспондент-мүшелерінің және шетелдік мүшелерінің бос лауазымдарына конкурс жариялауға дайындық туралы (баяндамашы президиум мүшесі, академик Молдашев А.Б.);
3. Ағымдағы жылдың сәуір айында ҰАҒА-ның Жалпы жиналысын өткізу және жалпы жиналыстың күн тәртібі туралы (Есполов Т.И. – ҰАҒА-ның президенті);
4. Әртүрлі:
- ҰAҒA-ның ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын қарастыру;
- ҰАҒА-ның бос лауазымдарына конкурс өткізу тәртібін қарастыру;
- ҰАҒА-ның аймақтық орталықтарының басшыларын бекіту;
- ҰАҒА-ның Жас ғалымдар кеңесін құру туралы.
Қазіргі уақытта Академия мемлекеттік органдармен, Парламентаризм институтымен, салалық қауымдастықтармен, шетелдік Ұлттық академиялармен және халықаралық ұйымдармен және т.б. тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл Аграрлық ғылымдар академиясының дамуына жаңа серпін береді және академияның интеграциялық рөлінің кеңеюіне оң әсерін тигізеді.
«Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясы» РҚБ-нің негізгі міндеттері туралы айта отырып, ҰАҒА-ның бірінші вице-президентінің м.а. академик Е.Исламов президиум пысықтап жатқан академияның тұжырымдамалық міндеттеріне тоқталды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен, мамандандырылған ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарымен, өңірлермен және агроөнеркәсіптік кешендегі салалық бірлестіктермен интеграциялық байланыстарды нығайту, агроөнеркәсіптік кешеннің шоғырлануын арттыру қажеттігіне назар аударды. Аграрлық ғылымның зияткерлік әлеуетін біріктіретін ұйым ретінде Академияның рөлі, ғылым және Қазақстан экономикасының сабақтас секторлары бойынша нормативтік құқықтық актілерге оңтайлы ұсыныстар мен толықтырулар әзірлеу үшін сараптамалық топтарға қатысу арқылы Академияның заңнамалық процестерге қатысуын арттыру .
Академия президиумының мүшесі, академик Молдашев А.Б. ҰАҒА-ның бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыруды дайындау туралы баяндама жасады. Ол ҰAҒA-ның Жарғысы аясында конкурс өткізу кезінде жаңа екпіндерге назар аударды. «Әртүрлі» мәселелер бойынша ҰAҒA-ның бірінші вице-президентінің м.а. Исламов Е.И. сөйледі. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, жан-жақты талқыланды, отырыстың регламентіне сәйкес барлық қажетті мәселелер ҰАҒА-ның Төралқасымен бекітіліп, назарға алынды.
ҰАҒА-ның баспасөз қызметі