
Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылым академиясы (ҚР ҰАҒА) аграрлық ғылымның қоғамдық үйлестіру орталығы болып табылады. Академия 1932 жылы В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ филиалы ретінде құрылды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 жылы ВАСХНИЛ бөлімшесі ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдарының Қазақ академиясы болып қайта құрылды.
Елдің агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми-техникалық дамытудың басым бағыттарын айқындау, ҚР Үкіметімен, министрліктермен, уәкілетті органдармен және ҚР Ғылым және кадрлар даярлау саласындағы қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде ұлттық жобаларды, тұжырымдамаларды, доктриналар мен стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу.
Өңірлердің және елдің агроөнеркәсіптік кешені саласының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, қайта өңдеу саласының, агроинженерияның, су, орман, топырақ ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау саласының ғылыми және инвестициялық жобаларын ғылыми-консультациялық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
Биоалуантүрліліктің, биотехнологияның және селекцияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, жануарлардың денсаулығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.