ҚР АШҒА академиясының қатысуымен ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Түркістан облысы Филиалының «Білім тарату» Орталығының ресми ашылуы өтті

 

Бүгін, 30 қантар күні, ҚР АШҒА академиясының қатысуымен ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Түркістан облысы Филиалының «Білім тарату» Орталығының ресми ашылуы өтті. 

Дөңгелек үстел форматында жалғасқан іс-шараға Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Нурбек Бадрақов, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Түркістан облыстық Филиалының директоры Асылан Ибадуллаев, облыстық мекеме басшылары, Түркістан облысы мен Қызылорда облысында орналасқан ҰАҒБО КеАҚ-на қарасты Ғылыми зерттеу институттары және онлайн форматында ҚР АШҒА академиясының академик-ғалымдары, агроөндіріс саласының өкілдері мен фермерлер қатысты.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары, осы өңірде агроинновацияларды дамыту бойынша жетістіктері туралы және қолдауларын кеңейту мақсатында өз ұсыныстары мен көрмелерін жасап қатысты.  Іс-шара, «Ауыл шаруашылығын дамыту - Жаңа Қазақстанға жол тарту» - девизы аясында өтті.

Осы тұрғыда, Академия агрокешеніндегі шаруа субъектілері мен өндіру және өңдеу саласын ғылыми-консультациялық сүйемелдеуді, жер, су, орман, жайылымдар ресурстарын, экологияны сақтау мен оларды ұтымды пайдалануды ұйымдастыруда өз әзірлемелері мен қызметін үсынды.

ҚР АШҒА академиктері көп жылдар бойы аймақтық «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Бірге өңірлік Агроөнеркәсіп кешеніндегі бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға белсенді қатысады.

Академия ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне инновацияларды енгізу, олардың өзекті бағыттары бойынша құзыреттерін арттыру: ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру, өнімді сақтау, қайта өңдеу және сервистік қызметтер көрсету, тұқым шаруашылығын дамыту, селекция, орман шаруашылығы, топырақы сақтау, өсімдіктерді қорғау және карантин, су үнемдеу технологияларын қолдану, мал шаруашылығы саласында қарқынды технологияларды енгізу, малдәрігерлігі, энергия-ресурс үнемдеуші технологияларын қолдану бойынша ғылыми, консультациялық және сервистік қолдау, кадрларды даярлау бойыншада үйлестіру және ғылыми сүйемелдеу  көрсетуге дайындығын жеткізді.

Түркістан облысының, су тапшылығы, топырақтың құнарсыздануы, өнім сапасының төмендеуі, тұқым сапасы, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау,  өнімді сақтау, өңдеу, мал селекциясы мен мал азығы және тағы басқа қордаланған мәселелерді шешуге бағытталған шаралары ғылыми қолдауға қажеттілігі талқыланды.

Жиналысқа қатысқан кәсіпкерлер тарапынанда агроөндірісі саласына бағытталған өз өнімдері мен қызметтері және технологиялыры туралы мәліметтер берді.

Қатысушылар, Білім тарату шаралары аясында өңірлік агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды бірге іске асыруға белсенді қатысуға келісті.

 

ҚР АШҒА