2 сәуір күні 2025 жылы Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжілісінің аграрлық Комитеттерінің қолдап қатысуымен, "Парламентаризм Институтымен" бірлесіп «Мал асылдандыру ісін және оны ғылыми қамтамасыз етуде қолданыстағы нормативті-құқықтық актілері мен мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру арқылы дамыту» тақырыбында кезекті ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ онлайн/оффлайн форматта өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ҚР мал шаруашылығы саласындағы асылдандыру ісі бойынша Нормативті құқықтық актілерді жетілдіру және ҚР мал шаруашылығын дамытудағы ғылыми сүйемелдеуді дамыту.
Осы өзекті проблемаларын ортаға салып, қордаланып қалған сұрақтарды осы саланың белгілі мамандары, заңгерлері, мемлекеттік қызметкерлері, ғалымдары, Мемлекеттік емес ұйымдар, бизнес өкілдерімен талқылап, саланың дамуына жаңа тетіктерін ұсынып, құқықтық-нормативті құжаттарға жаңа ұсыныстарды қалыптастыру болып табылды.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылар:
- ҚР Парламентінің Сенат Депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитетінің хатшысы - Булавкина Ольга Александровна;
- ҚР Парламентінің Мәжіліс Депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлік даму Комитетінің мүшесі - Баккожаев Анас Ахатұлы;
- ҚР Парламентаризм Институтының Аграрлық мәселелері, экология және табиғатты қорғау Орталығының директоры Жиенбаева Маржан Құттыбайқызы.
- Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Мал шаруашылығы Департаментінің директоры Итқұсов Хасым Латыпұлы және осы саладағы министрлікке қарасты Құрылымдар, Облыстар мен аудандардағы мал шаруашылығын қадағалайтын құрылым басшылыры мен мамандары;
- Бүгінгі отырысымызға, Парламентаризм Институтының бас маманы, Парламент және Үкіметтік өзара іс-қимыл жұмыстары жөніндегі координаторы - Нуржан Саулен;
- Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру Орталығының Басқарма төрайымы - Ахмеджанова Айгуль Толеуғазықызы;
- АУЫЛ Партиясы Төрағасының Кеңесшісі, э.ғ.д., ҚР ҰАҒА Вице-Президенті, академик - Рахымбеков Төлеутай Сатайұлы;
- Қазақстан фермерлер қауымдастығы басшысының Бірінші орынбасары - Абуов Ермек Ерғазыұлы;
- «Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп ғылыми-зерттеу институты» Басқарма төрағасының орынбасары - Қарымсақов Талғат Николайұлы және Институт ғалымдары;
- «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының сарапшылары мен Салалы қауымдастықтар жетекшілері;
- Ұлттық аграрлық ғылым академиясының Белгілі академиктері және Өңірлік орталықтарының басшылары.
- Мал асылдандыру саласы Мекемелерінің және Республикалық Палаталар басшылары мен мүшелері.
- Университеттер: Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университеті, С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық және Жәнгір Хан атындағы Батыс-Қазақстан агротехникалық университетінің ғалымдары;
- Сонымен қатар ғалымдар, ауыл кәсіпкерлері, докторанттар, магистранттар қатысты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өз Жолдауларында, және жақында өткен ҚР Бірінші Агрофорумында – кәзіргі кезде ауыл шаруашылығы саласы мен аграрлық ғылымды дамытудың рөлін ерекше атап өткен болатын.
«...Біз ауыл шаруашылығын бәсекеге қабілетті озық салаға айналдыруымыз керек. Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы тиіс. Бұған бизнес те, мемлекет те мүдделі»- деп ерекше атап өткен болатын.
Бүгінгі таңда алдымызда маңызды міндет тұр – мал шаруашылығы және мал асылдандыру саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру.
Қазақстан Дүние жүзі Сауда Ұйымының мүшесі болып, ветеринария мен мал селекциясы бойынша келісімдерді ратификациялай отырып, әлемдік нормаларды сақтап қана қоймай, сонымен қатар тиімді мал шаруашылығы жұйесін, асыл тұқымды мал тұқымдарын сақтау мен дамыту, ондағы ғылыми ізденістерді атқару дәрежесін көтеру, мал шикізаттарын сақтау, логистика мен өңдеу, терең өңдеу, мал шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыру, мемлекеттік қолдау тетіктерінің жаңа жолдарын үсыну, зоотехния саласындағы кадрлар мәселесін шешу, мал азығы мен негізгі байлықтарымыздың бірі бұл - мал жайылымдарының тозуы мен сапасына байланысты мәселелері алдын алынуы тиіс.
ҚР мал шаруашылығына қатысты Заңдарды өзектендіру – бұл заңнамалық қажеттілік қана емес, сонымен қатар аграрлық секторды қорғау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруының стратегиялық шарасы!
Талқылау барысында негізгі мәселелер қарастырылды және қордаланған сұрақтардың шешу жолдарының оңтайлы тетіктері ұсынылды.
Осы орайда, тек жүйелі, ғылыми негізделген тәсілдер, мемлекеттік ұйымдардың, ғылыми институттар мен бизнестің өзара нақты іс-қимылы талап етілетіні туралыда айтылды.
Талқылау еліміздің мал шаруашылығы дамуының қажетті қадамы болып Резолюциясы қабылданды.