ХАБАРЛАНДЫРУ

 

«Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» РҚБ бос вакансия орындарына сайлау жариялайды - 19 толық мүшелікке (академиктерге), 24 корреспондент-мүшелері және 5 шетелдік ҰАҒА мүшесіне келесі бөлімшелер мен мамандықтар бойынша:

  1. «АӨК экономикасы және бизнес»;
  2.  «Агробиология және фитосанитария»;
  3.  «Зооинженерия және ветеринария»;
  4. «Табиғи ресурстар және экология»;
  5. «Агроинженерия, өңдеу және АӨК цифрландыру».

Конкурстық комиссияға ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесімен Академияның сайтында танысуға болады (https://naasrk.kz/news/Announcement2026). Конкурсқа құжаттар Төралқаға  бірдей түрде (қағаз және электрондық) ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 20-ші мамырға   дейін жүзеге асырылады. Мекен-жайы: 050057, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30б, Конкурстық комиссияның жауапты хатшысы С.Т.Жұмашева, 2 қабат, каб. № 210, тел.+7 705 905 53 28, e-mail: info@naasrk.kz

 

 

 

 

Т І З І М

Ұлттық аграрлық ғылым академиясының (ҰАҒА) толық мүшелерінің (академиктерінің), корреспондент-мүшелерінің және шетелдік мүшелерінің бос орындарына сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар

 

ҰАҒА мүшелігіне кандидаттар конкурсқа мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. ҰАҒА Президентінің атына өтініш;
  2. ҰАҒА нақты академиктерінің ұсыныстары (кем дегенде екі);
  3. Фотосуреті бар кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  4. Контактілер мен эл.пошта көрсетілген түйіндеме;
  5. Ұсынушы ұйымның Ғылыми Кеңесінің немесе Басқармасының хаттамасынан үзінді;
  6. Ғылыми-білім беру қызметі туралы анықтама (мемлекеттік немесе орыс тілінде);
  7. Ғылыми еңбектердің, өнертабыстардың, патенттердің және т. б. тізімі, сондай-ақ рецензияланатын журналдардағы мақалалардың жеке саны және Хирш индексінің көрсеткіші (скриншоттарды қоса беру);
  8. Жоғары білім туралы дипломдардың, ғылыми дәрежелер беру және ғылыми атақтар беру туралы дипломдар мен аттестаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  9. 3х4 фотосурет (түрлі-түсті, 3 дана);
  10. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

 

Ескертпе: ҰАҒА-ның шетелдік мүшелігіне үміткерлер үшін: 3 және 5-тармақтар міндетті емес. 6-тармақ орыс немесе ағылшын тілдерінде.

 

         Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 20 мамырына дейін мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 050057, Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 30б, Конкурстық комиссияның жауапты хатшысы С.Т.Жұмашева, 2 қабат, каб. № 210, тел.+7 705 905 53 28, e-mail: info@naasrk.kz; islamov_esenbay@mail.ru 

 

 

 

 

 

ҮЛГІ

 

ҚР "Ұлттық аграрлық ғылым академиясы" РҚБ

Президенті

ҚР ҰҒА академигі Т.И. Есполовқа.

 

Өтініш

 

         Сізден Ұлттық аграрлық ғылым академиясының (ҰАҒА) толық мүшелерінің (академиктерінің) бос жұмыс орындарына сайлау конкурсына қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Конкурстың шарттарымен және ережелерімен таныстым. Қажетті құжаттар тізімі____бет.

 

Ескертпе: - нақты мүшелердің (академиктердің) бос орындарына немесе корреспондент-мүшелердің бос орындарына көрсету.

 

Аты-жөні, қолы, күні

 

 

Announcement2026