«Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» РҚБ бос вакансия орындарына сайлау жариялайды - 19 толық мүшелікке (академиктерге), 24 корреспондент-мүшелері және 10 шетелдік ҰАҒА мүшесіне келесі бөлімшелер мен мамандықтар бойынша:

  1. «АӨК экономикасы және агробизнес»;
  2.  «Агробиология»;
  3.  «Зооинженерия»;
  4.  «Ветеринария»;
  5. «Фитосанитария және агрохимия»;
  6. «Табиғи ресурстар және экология»;
  7. «Агроинженерия және АӨК цифрландыру»;
  8. «Агроөңдеу және тағам инженериясы».

Конкурстық комиссияға ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесімен Академияның сайтында танысуға болады (https://naasrk.kz). Конкурсқа құжаттар Төралқаға  бірдей түрде (қағаз және электрондық) ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 12-ші сәуірге   дейін жүзеге асырылады. Мекен-жайы: 050057, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30б, Конкурстық комиссияның жауапты хатшысы С.Т.Жұмашева, 2 қабат, каб. № 210, тел.+7 705 905 53 28, e-mail: info@naasrk.kz